ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да өрттен екі адам көз жұмды

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстанда 5 өрт болып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 шілдеде сағат 02:24 шамасында Шемонаиха қаласы Панфилов көшесіндегі алты отбасылық барақ үлгідегі үйде өрт болды. Бір пәтер бос. Өрт үйдің төбесіне тарап, қабырғалары, терезелері мен есік блоктары, пәтердегі жеке заттары өртенді. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер даладан 1989 жылғы ер адамның мәйітін тапты.

Өрт сөндірушілермен 05 сағат 20 минутта құлаған төбені қопару барысында тағы бір мәйіт табылды, жеке тұлғасы және жынысы анықталуда. Өрт сөндірушілермен 280 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Тілсіз жауды сөндіруге жеке құрамнан 11 адам, 3 бірліктегі техника жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына отты ұқыпсыз пайдалану себеп болды.

Фото: ШҚО ТЖД

Сонымен қатар, 28 шілдеде 11 сағат 39 минутта Ұлан ауданының Желдіөзек ауылындағы үй ауласында монша мен гараждың төбесі өртенді. Өрт сөндірушілермен 96 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Құтқарушылардың сауатты әрекеттерінің арқасында гараж орын-жайы және оның ішінде тұрған құрылыс материалдарын аман қалды.

Сол күні 19 сағат 38 минутта Өскемен қаласында Тургенов тұйық көшесіндегі жер үйдің ауласында монша өртенді. Құтқарушылармен 6 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті арқасында отттың таралуына жол берілмеді.

Өскемен қаласында сонымен қатар “Пищевик-1” саяжай қоғамында үй және ондағы жиһаздар өртенді. оттың жалпы алаңы 24 шаршы метр. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button