ҚоғамСемейТОП

Семейде банктен қомақты ақша ұрлаған банкир сотталды

Семей қаласының №2 соты банк қызметкеріне қатысты ҚК ҚК 189-бабы 4- бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп алу немесе талан -таражға салу) бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Semey News.

Семей қаласының № 2 сотының баспасөз қызметінің берген мәліметтері бойынша, 2020 жылдың тамыз – қараша айлары аралығында банк қызметкері бола тұра, банкоматтан жиыны 17 095 000 теңге ақшаны жымқырып, букмерлік тотализатор ойынына пайдаланған.

Айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындады.

Сот айыпталушыны 7 жылға бас бостандығынан айырып, қаржы саласында материалға жауапты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыру жазасын тағайындады.

Сотта жәбірленушімен азаматтық талап арыз мәлімделмеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button