ШҚОҚылмысТОПШҚО

Семей қаласының полицейлері жиһаз жасаушы-аферистті ұстады

Семейлік полицейлер жиһаз жасап беремін деп елді алды алдап жүрген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Semey News.

Ағымдағы жылдың 25 маусымында Семей қ. ПБ Орталық полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны өтінішпен жүгінді. Ол ағымдағы жылдың 10 маусымында өзін жиһаз шебері ретінде таныстырған бейтаныс адам қысқа мерзімде тапсырысты жасауға, сондай-ақ тегін жеткізу мен орнатуға уәде бергенін, бірақ уәделерін әлі орындамағанын айтты.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары полиция бөлімшесіне 31 жастағы жергілікті тұрғынды жеткізді. Жауап алу барысында ол өз кінәсін мойындады,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Тергеу барысында ер адамның шеберханасы да, тиісті жабдықтары да болмағаны белгілі болды. Ол оңай пайда табу жолдарын іздеуде алаяқтық жасауға бағытталған қылмыстық жоспар құрған. Осылайша, “жалған кәсіпкер” өтініш берушінің сенімін асыра пайдаланып, онымен корпустық жиһаз жасауға шарт жасқан, кәсіпкерлік қызметті имитациялай отырып, жалпы сомасы 500 000 теңге ақшаны иемденген. Қомақты қаражатты зиянкес жуық арада жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button