ҚоғамСемейТОП

Семей кәсіпкерлері «Semey Bus» ЖШС қызметкерлеріне еңбекақы берешектерінің жартысын өтеп бермек

Семейде 20-дан астам кәсіпкерлер «Semey Bus» ЖШС жұмысшыларына еңбекақылары бойынша берешектерінің жартысын өтеп беруге қол қойды, деп хабарлайды Semey News.

Кәсіпорын директоры Серікжан Айкелов жұмысшыларына 56 миллион теңге қарыз болып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, ЖШС 51% үлесі “Семей автобус паркі” фирмасына тиесілі, ал 49% – әкімдікке.  Амалы таусылған жұмысшылар қала әкімдігіне қолдау сұрап барды, дегенмен, құрылтай шартында  жалақыны уақтылы және толық төлеу – “Автобус паркі” құрылтайшысының жауапкершігі мен міндеті болып табылатыны көрсетілген. Сонымен қатар, мемлекеттік орган серіктестіктің міндеттемесі бойынша жауап бермейді. Семей бизнесмендері  банкротқа ұшыраған көлік паркінің қызметкерлеріне көмек беріп, 49% төлейтін болды.

Жазба-хатта айтылған, “Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде «Semey Bus» құрылтайшысы жұмысшылар алдындағы міндеттемелерін орындай ма, орындамай ма, бұған қарамастан сомасы 27,5 миллион теңге төленетін болады”. Хат соңына қаламыздаң атақты бизнесмендері, Әсемқан Досқұжанов, Мұхит Тұмабаев, Александр Михайличенко, Рустем Мансуров және басқалары қол қойған.

“Semey Bus” ЖШС бұрынғы жұмысшылары бүгіннен бастап еңбекақыларын ала бастады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button