ҚылмысҚоғамСемейТОП

Семей әуежайының ұшу-қону жолағында кіру шамдары ұрланған

Семей әуежайының ұшу-қону жолындағы кіру шамдарын арлаған, деп хабарлайды Semey News.

  • Семей стансасындағы желілік полиция бөліміне Семейдің Халықаралық әуежайынан белгісіз тұлғалармен төрт данадағы ұшу-қону жолағында кіру шамдары ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Осылайша Семейдің әуежайына 1 440 268 теңге материалдық шығын келтірілді, – деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің бастығы Онал Бекиев.

Оның айтуынша, хабарлама түскен сәтте ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомства басшысы жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлады деген күдікпен 36 жастағы Семей тұрғыны ұсталғанын айтып өтті. Аталған тұлға бұрындары бірнеше рет осындай қылмыстары үшін сотты болған. Ол өз кінәсін толықтай мойындады, ұрланған қондырғыларды темір илектерін қабылдау пунктіне тапсырған.

  • Семей қаласының № 2 сотының шешімімен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп қорытындылады департаменті бастығы.

Ұшу-қону жолағында кіру шамдары түнгі уақыттарда ұшақтардың қауіпсіз қонуларын қамтамасыз етіп, жолақты жарықтандырады. Тікұшақтар ұшқанда және қонғанда осы шамдарды бағдарға ұстайды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button