“TOYOTA” маркалы 30 жастағы көлік жүргізушісі көлікті басқара алмай аударылып кеткен.
– Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жол – көлік оқиғасына кінәлі адамға қатысты ҚР ӘҚБтК – нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Semey News