ШҚООқиғаТОПШҚО

ВИДЕО: ШҚО-да әйел адам жол-көлік оқиғасын жасады

Жол-көлік оқиғасы кеше кешкісін Өскемен-Алтай тас жолының 5 шақырымында, Степной кенті маңында болды, деп хабарлайды Semey News.

MAZDA маркалы автокөліктің жүргізушісі, 31 жастағы әйел адам жүк көлігін басып озбақ болып, қырындағы арақашықтықты сақтамай ГАЗ маркалы жүк көлігіне соғылды. Соққы салдарынан екі автокөлікте кюветке ұшып кетті.

Екі жүргізуші де жарақат алған жоқ, тек материалдық шығын келтірілді.

“Кінәлі әйелге қатысты ҚР ҚӘК 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды”, – деп хабарлады ШҚО ПД.

Аталған бап бойынша 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғатыны көрсетілген.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button