27 шілдеде Риддер қаласында мониторингтік топпен 102 нысанға тексеру жүргізілді, шектеу шарасын бұзудың үш фактісі анықталды. Жалпы сомасы 554 230 теңгені құрайтын алты хаттама толтырылды.
Өткен тәулікте Бесқарағай ауданында 20 нысан, Глубокое ауданында 57 нысан тексерілді. Сондай-ақ рейдтік шаралар Абай, Аягөз, Ұлан және Шемонаиха аудандарында да, Өскемен және Семей қалаларында да жүргізілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News