Қазандықтарды қайта құру жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде аяқтау жоспарлануда. ЖЭО-1 қазандығы бойынша қазіргі уақытта «Халык Строй Астана» ЖШС келісім жасалды және қондырғыларды сатып алу жүргізілуде. 103 және 103-А қазандықтарында 3 қазандықты жөндеу жүргізілуде, 285 357 млн теңгені құрайтын қондырғылар сатып алынды. Мердігер мекеме «Перспективная технология» ЖШС. Бұл жерде қазіргі уақытта жұмыс 51% аяқталған. Осы мердігер мекеме Ғаббасов және Орталық қазандықтарына қызмет көрсетеді. Біріншісінде қазандыққа жөндеу және құны 219 208 млн теңгені құрайтын қосалқы қондырғылар сатып алу жүргізілуде. Бұл жерде жұмыстың аяқталуы 56%. Орталық қазандығына тоқталсақ, бұл жерде де осындай жұмыстар жүргізілуде, 206 698 млн теңгенің қондырғылары сатып алынды. Жұмыс 67% аяқталған.
- 35 квартал қазандығында екі қазандыққа жөндеу жүргізілуде, 75,926 млн теңгенің қосалқы қондырғысы алынды. Мердігер – «Ақсұңқар». Жұмыс 61% орындалды. Жөндеу жұмыстарын 15 тамызға дейін аяқтауды жоспарлауда. РК-3 қазандығында «АзияЭнергоПроектМонтаж» ұйымы жұмыс жасауда. 63% аяқталды. 1 қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлауда, – деп есеп берді А.Сарпеков.
Сонымен қатар оң жағалауда жылу жүйесіне жөндеу жүргізілуде. Осы мақсатқа 337 426 млн теңге бөлінді. ОЖП «3 мектеп» кварталішілік жылу жүйесін жөндеуді 1 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. ОЖП Шәкәрім даңғылы 60 және Ұранхаев көшесі 60 үйге дейінгі жылу жүйесін ауыстыру қарастырылған. Жұмысты аяқтау 1 қыркүйекке жоспарлануда. 15 тамызда ОЖП-6, ОЖП-3, ОЖП «ЦУМ» жөндеу жұмыстары аяқталады.
Кездесу барысында жылу жүйесінің гидравликалық режімін ретке келтіру келесі жылдың 28 ақпанында аяқталатыны айтылды. Мердігер – «Теплосервис» ЖШС. Қазіргі уақытта жұмыстың тек бірінші кезеңі аяқталды, онда гидравликалық талдаулар жасалып, зерттеулер жүргізілді.
Semey News