ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да ядролық полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай іс-шаралар өтеді

2021 жылдың тамызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы" Жарлығына қол қойылғанына 30 жыл толады, деп хабарлайды Semey News.

Бұл еліміздің ядросыз, бейбіт өмірді таңдаған Қазақстан тарихындағы маңызды оқиға болды. Ядролық полигонның тарихы жалпыадамзаттық норма тұрғысынан ең қаталдылардың бірі болды. Бүкіл кезеңде 456 ядролық жарылыс жасалды. Олардың жалпы қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түсті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған брифинг барысында ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мухамедчинов Семейде атаулы күнге орай Тұңғыш Президент кітапханасының “Іргелі шешімдер уақыты” атты көрме ұсынылатынын айтты.

Сондай-ақ, Семейде, Бейбітшілік аралында “Өлімнен де күшті” монументіне гүл шоқтарын қоюмен дәстүрлі халықаралық “Бейбітшілік” акциясы өтеді. Сонымен бірге, “Экология. Радиация. Денсаулығы” атты халықаралық конференция жоспарлануда

Курчатов қаласында да бірқатар іс-шаралар өтеді. Мәселен, Ұлттық ядролық орталық пен АҚШ ғалымдарының қатысуымен Семей сынақ полигонының тарихына арналған стела ашу жоспарлануда.

7-9 қыркүйекте Ұлттық ядролық орталықта “Семей ядролық полигоны: ғылыми-техникалық әлеует мұрасы және даму келешегі” атты халықаралық конференция өтеді.

Қазіргі уақытта 19 жақын және алыс шетел өкілдері конференцияға қатысатындығы туралы мәлімдеді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button