Ағымдағы жылдың 24 маусымында Семей қ ПБ Затон полиция бөліміне 48 жастағы азаматша жүгініп, белгісіз тұлғаның алаяқтық жолмен ірі көлемде ақшасын иемденіп кеткені туралы арызданған.
“Жәбірленушінің айтуы бойынша, осы жылдың маусым айының ортасына қарай пәтеріне жөндеу жұмыстарын жасамақ болып әлеуметтік желіден «пәтерге сапалы жөндеу жүргіземіз» – деген жарнамалардың бірімен хабарласқан. Уәдені үйіп төккен алаяқтың арбауына ілінген ол күдікті азаматқа 350 000 теңге ақшасын санап береді. Не ақша жоқ, не пәтерге жасалған жөндеу де жоқ, салы суға кеткен жәбірленуші полицияға арызданды”,- дейді Семей қ. ПБ бастығы полиция полковнигі Шалқар Құнанбаев.
Учаскелік полиция инспекторлары жүргізген жедел іздеу жұмыстарының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 27 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Жәбірленушінің ақшасын ол өзінің қажетіне жұмсап үлгерген.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 190 бабының 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Semey News