
Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 маусымда қаланың Солжағалау полиция бөліміне 31 жастағы әйел адам жүгініп, оны алдап 700 мың теңгесін иемденіп кеткені туралы арыз білдірген.
Бір жыл бұрын жәбірленуші ипотекаға пәтер сатып алмақ болған. Оның танысы көмектеспек болған. Ол өз қызметін 700 мың теңгеге бағалаған.
“Ештеңеден күдіктенбеген әйел ақшаны танысына берген, ал ол танысы ештеңеге де көмектеспеген”, – деді Өскемен қалалық ПБ бастығы Андрей Мула.
Қылымыс бір жыл бұрын жасалғанымен полицейлер алаяқты тапты.
“Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен 30 жастағы әйел адам ұсталды, ол толықтай кінәсін мойындады”,-деп қосымшалады А.Мула.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде.
Semey News