ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да жасөспірім 4 сағат ішінде бірнеше велосипед ұрлаған

Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында жасөспірім 4 сағаттың ішінде бірнеше велосипед ұрлаған, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Глубокое аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше сағат ішінде осындай ұрлық топтамасын ашты.

“20 маусымда, кешкісін, 4 сағат ішінде Глубокое аудандық полиция бөлімінің кезекші қызметінің “102” жедел арнасына көпқабатты үйлердің кіреберісінен велосипедтер ұрланғаны туралы 4 хабарлама түсті. Аудан көшелерін патрульдеу барысында түнгі уақытта заңды өкілдерісіз жүрген бір топ жасөспірімдер анықталды. Мән-жайды анықтау барысында олардың біреуі осы ұрлықтарға қатысы бар екені анықталды”,- деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Күдікті кінәсін мойындады, ол бар жоғы велосипедпен қыдырғысы келгенін айтқан. Бірінші велосипед сынып қалуына байланысты екіншісін, содан кейін үшіншісін, осылайша төрт велосипед алған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button