“Өрт 1987 жылы салынған, үш қабатты, шамамен ауданы 150 ш. м. объектінің бір бөлігін қамтыды.
Өрт 8.05 сағатта тежелді. Оқиға орнына 50-ден астам өрт сөндіруші жедел келіп жетті. Өртті сөндіруге 14 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт ошағы кітапхана ғимаратында орналасқан. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс істеуде. Өрт сөндіру құралдарын үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Өртті толық сөндіргеннен кейін болған оқиғаның себебін ШҚО ТЖД Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасының мамандары анықтайтын болады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған”,-деп хабарлады Семей қалалық ТЖБ.

ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды дер кезінде қалыпқа келтіру керек. Ғимараттарда жарамды автоматты өрт дабылы, алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы тиіс.
Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
Semey News