Семей қалалық полиция басқармасы берген мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 25 шілдеде сағат 19:40 шамасында болған.
“29 жастағы “LADA” маркалы автокөліктің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдық пен қашықтықты сақтамай, 16 жасар бала тізгіндеген «RACER» скутерімен соқты”, – деп түсіндірді полиция басқармасында.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жасөспірім дене жарақаттарын алды. Қазіргі уақытта сот-сараптамасы тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Semey News