ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО-да әйел адам суға батып кетті

Шығыс Қазақстанда әйел адам суға батып кетті, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Көкпекті ауданында қауіпсіздік мақсатында су жанында демалуға тек демалыс орындарында ғана рұқсат етіледі, дегенмен, тұрғындар «жабайы» жағажайларда уақыт өткізуді жөн көреді.

​ ​ ​ ​ ​​   ​”Жабайы” жағажайлардың қауіптілігі, су түбінің ландшафтын білмеуіміз. Қатты ағыстар болып су түбіндегі учаскелерді жуып кетіп, біршама өзгерістер әкелуі мүмкін, мысалы, былтыр жалдап жүрген жеріңізде биылғы жылы терең шұңқыр пайда болуы мүмкін. Демалу үшін қауіпті аймақты таңдау, міне тағы бір қайғылы жағдайға әкелді. Кеше, Новостройка ауылында тыйым салынған жерде, дәлірек айтқанда, Бұқтырма су қоймасында 1984 жылы дүниеге келген әйел адам суға батып кетті”, – деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Төтенше жағдайлар қызметі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button