25 шілдедегі тексеріс бойынша: Өскемен қаласында 11 нысан қамтылды. Мониторингтік топ шектеу шараларын бұзудың 7 фактісін анықтады.
Семейде өткен тәулікте 102 нысанға тексеру жүргізілді. Тексеру барысында 6 бұзушылық анықталды, сонымен қатар семейліктер бұқаралық іс-шара өткізген.
Курчатов қаласында 23 кәсіпкерлік нысанына тексеру ұйымдастырылды. Бесқарағай ауданында 20 нысан, Глубокое ауданында 43 нысан, Ұлан ауданында 8 нысан тексерілді. Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша рейдтер Абай, Аягөз, Үржар және Шемонаиха аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News