ҚоғамСемейТОП

Семейдегі Степной кенті жылу жүйесіне қосылады

Семейдің әкімі Бақытжан Байахметов Степной кентін жылу жүйесіне қосу жоспарлануда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Semey News.

Қала басшысы Степной кентінде 300 орынға арналған мектеп құрылысы жүріп жатқанын айтып өтті. Ол мектеп жылу жүйесіне қосылу керек. Осыған байланысты жеке жоба әзірленді. Сонымен қатар осы жобада аталған кенттегі көпқабатты үйлерді жылумен қамтамасыз етуде қарастырылған.

“Жеке сараптамамен шарт жасасу жоспарлануда. Сараптама қорытындысын тамыз айының аяғына дейін алу белгіленуде. Назар аударатын тағы бір жоба – “66 кварталдағы ОЖП Үшақтар кентіне тарату желілерін салумен қайта құру”, – деп түсіндірді қала әкімі.

Сонымен қатар, Б.Байахметов ОЖП кентке дейінгі ұзындығы 1,7 шақырымдық жылу жүйесінің құрылысы басталғанын хабарлады. Аталған жобаны іске асыру,  49 орта мектепті, 280 орынға арналған бала-бақшаны және құрылысы жоспарланған 200 төсектік аурухананы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар әкім “10 кәріздік сорғы станциясын қайта құру” жобасының жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда барлық қажетті материалдар сатып алынған, жұмыс 70%-ға орындалған.

“Осы жобалардың барлығы біздің қаламыз үшін өте маңызды және семейліктердің өмірін жақсартуға мүмкіндік береді”, – деп қорытындылады Б.Байахметов.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button