ШҚОҚоғамТОПШҚО

Құтқарушылар Алакөл көлінің шығыс жағалауын патрульдеуде

Шығыс Қазақстанда Алакөл көлінде суға шомылу маусымы бойы өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бекеті жұмыс істеуде, деп хабарлайды Semey News.

Әр 2 апта сайын мұнда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқаратын 6 сүңгуір мен 4 өрт сөндіруші кезекшілік атқарады.

Басты міндет-көл жағалауында орналасқан объектілерде судағы жазатайым оқиғалар мен өрттердің алдын алу.

Жыл сайын жазғы кезеңде ШҚО ТЖД құтқарушылары күшейтілген қызметке көшеді. Құтқарушылар бекеті жұмыс жүргізу үшін қажетті құтқару жабдықтарымен, оның ішінде арнайы сүңгуір костюмдерімен, жүзу және басқа да құралдармен жабдықталған. Алакөл көліндегі құтқарушылар 2021 жылы 8 адамды, оның ішінде 4 баланы уақытылы құтқарды.

Сонымен қатар өрт инспекторлары жеке демалыс аймақтарының иелеріне және жеке демалыс аймақтарының сеніп тапсырылған аумақтарында азаматтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсынымдар береді.

Демалушылардың назарын судағы қауіпсіздік мәселелеріне аудару үшін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Үржар ауданының жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесіп, ең көп баратын курорттардың бірі – Алакөл көлінде акция өткізді. Жыл сайын мұнда 12 мыңға жуық азамат демалады. Барлығы 180-нен астам демалыс орны бар. Қазіргі уақытта облыста суға шомылу кезеңінің басынан бері 24 адам суға батып кетті, оның 5-і бала. Суға батып кеткендердің статистикасына алаңдаған құтқарушылар бұдан былайғы қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды: тыйым салынған шомылу орындарында патрульдейді, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік роликтер мен су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін орналастырады, балалар лагерлерінде викториналар ұйымдастырады, алайда біздің әрқайсымыз ережелерді сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінбейінше, жағдайды өзгерту қиын болады.

Еріктілермен бірге аспанға облыстың су айдындарында қаза болғандарды еске алу және демалушылардың назарын қауіпсіздік мәдениетіне аудару мақсатында аспанған 24 шар ұшырылды. Қауіпсіз жағажай акциясы аясында құтқарушылар мен еріктілер демалушыларға нұсқау беріп, демалыстарын су жанында қалай қауіпсіз өткізу туралы жадынамаларды табыстады.

Қазіргі уақытта өңірде демалыс базаларының иелеріне жағажайларды бекіту бойынша кәсіпкерлермен 17 меморандум жасалды. Демалысты сауатты ұйымдастыру туралы, соның ішінде су айдынында құтқарушылардың міндетті түрде болуы, жағажайларды бекіту иелерін демалушылар үшін жауапты болуға міндеттейді. Су қоймасында қайтыс болған жағдайда, бұл жағажайда жүзуге тыйым салынуы мүмкін.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button