ӘлемҚазақстанСпортТОП

ТОКИО-2020: Қазақстандық спортшылардың 26 шілдеге арналған жарыс кестесі

Бүгін Токио Олимпиадасының кезекті жарыс күні өтеді. ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.

Нұр-Сұлтан мен Токио арасындағы уақыт айырмашылығы +3 сағат.

26 шілдеде жарыс жолына шығатын қазақстандықтар төмендегідей:

Стенд ату, скит. Әйелдер: Әсем Орынбай, Зоя Кравченко Басталуы: 06:00

Садақ ату. Ерлер. Командалық жарыс: Қазақстан (Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев) Басталуы: 06:30

Дзюдо. Ерлер: Жансай Смағұлов (73 келі) Басталуы: 08:00

Теннис. Әйелдер: Елена Рыбакина – Ребекка Петерсон (Швеция) Басталуы: 08:00

Каноэ, слаломды есу. Ерлер: Александр Куликов Басталуы: 11:00

Үстел теннисі. Ерлер: Кирилл Герасименко — Тимо Болль (Германия) Басталуы: 11:30

Бокс. Ерлер: Сәкен Бибосынов (52 келі) Басталуы: 15:03

Ауыр атлетика. Әйелдер: Зүлфия Чиншанло (55 келі) Басталуы: 16:50

Semey News

Осы айдарда

Back to top button