ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да ауылдық округ әкімдерін сайлауға ауыл тұрғындарының 90 пайыздан астамы қатысты

25 шілде күні сағат 20.00-де Шығыс Қазақстандағы 221 сайлау учаскесінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Semey News.

Аумақтық сайлау комиссиялары күні бойы сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі бойынша мониторинг жүргізді. Ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылды. Ауыл әкімдерін сайлау бойынша ресми ақпарат ұсыну мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап брифингтер ұйымдастырды.

Өткен брифинг барысында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі 90,9 пайызды құрағанын хабарлады.

Дауыс беру күні бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды.

Қазір сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтағанына қарамастан, полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. ШҚО Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров учаскелердегі қоғамдық тәртіпті сақтауға барлығы 800-ден астам полиция жұмылдырылғанын еске салды. Қоғамдық тәртіпті сақтаумен қатар полиция қызметкерлері бюллетеньдер мен хаттамалардың сақталуын, олардың аудандық комиссияларға жеткізілуін қамтамасыз етеді.

ШҚО бойынша СЭБ департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин барлық сайлау учаскелерінде санитарлық талаптар сақталғанын, сайлаушыларда коронавирус туралы фактілердің анықталмағанын атап өтті.

Жалпы, Шығыс Қазақстанда сайлау тыныш жағдайда өтті. Құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button