ОқиғаСемейТОП

Семейде әскерилер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Семейде әскерилер суға батып бара жатқан 16 жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 шілдеде 68303 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Сағжан Мұхтаров және Азамат Молдашев Ертіс өзені бойын қайықпен және жаяу патрульдеуге жұмылдырылған.

Патрульдеу барысында 16 жастағы баланы ағыс әкетіп бара жатқанын байқап, Сағжан Мұхтаров құтқару жилетін киіп, қауіпсіздік арқанын тағып көмекке ұмтылды. Қауіпсіздік мақсатында арқанның келесі ұшы оның әріптесі Азамат Молдашевтың қолында болды. Сағжан суға батып бара жатқан балаға уақытында жетіп оны су бетінде ұстап тұрды, осы сәтте Талғат Қоқабаев және Мейр Қазбекұлы қайықпен жетіп үлгерді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button