ОқиғаСемейТОП

Семейде жеткіншек суға батып кетті

Семейде 2007 жылы туған жеткіншек Ертіске ағып кетті, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ертіс өзенінің жағасында күнделікті құтқарушылар қайықпен және жая патрульдеу жүргізуде. Рейдке әскерилерде белсенді қатысуда. Кеше, 24 шілдеде кезекті алдын алу шарасына 40 адам қатысты және тұрғындар арасында суға түсу ережелері бойынша нұсқаулықтар жүргізді.

“Қаладағы қауіпсіз және жабдықталған жағажайлар жоқтығына қарамастан, тұрғындар рұқсат етілмеген “Заря” жағажай ауданында демалуда. 2007 жылы туған, Бесқарағай ауданынан демалуға келген баланы ағыс ағызып әкетіп бара жатқанын көрген куәгерлер сол сәтте құтқарушыларға хабар берді”, – деп хабарлады баспасөз қызметінде. 

Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жеткіншекті іздеуге кіріскен. Сүңгуірлер суға түсті, жағалаудан іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды, бірақ еш нәтиже бермеді. Міне, 25 шілдеде баланың денесін іздеу шараларына қатысқан жақын туыстары тауып алды. Ол суға кеткен орнынан 11 шақырым жерден табылды.

Төтенше жағдайлар қызметі жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button