ҚоғамСемейТОП

Семей аймағында сайлаушылардың 40 пайызы дауыс берді

Онлайн-брифингте аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев мәлім еткендей, ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары бағалануда. Сағат 11-дейін сайлаушылардың 40%-ы өз таңдауын жасаған, деп хабарлайды Semey News.

Бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде ауылдық округ әкімдерін сайлау басталды. Сайлау алдындағы үгіт-насихат 14 шілдеде басталып, 24 шілдеде аяқталған еді.
– Бүгінде тұрғындар ауылдық округ әкімдерін өздері таңдайды. Ауыл тұрғындарының белсенділігі әрқашан  жоғары. Өйткені олар ауылдың ішкі тұрмыс-салтын жақсы біліп, болашағына бей-жай қарай алмайды. Сайлау Айнабұлақ, Алғабас, Достық және Жиенәлі сияқты 4 ауылдық округте өтуде. Жалпы алғанда сайлауға 12 кандидат, яғни әр округтен үш-үштен қатысады. Кандидаттардың жалпы санынан үшеуін “Нұр Отан” партиясы және біреуін “Ауыл”партиясы ұсынды. Қалған партиялар кандидаттарды ұсынған жоқ.  Үміткерлерден 5 әйел және 7 ер адам бар. Ең жас кандидат – 28 жаста болса, ең үлкені – 60 жаста, – деді Зейнолла Тоқаев.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, халық арасында КВИ таралуының алдын алу мақсатында сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде инфекцияның таралуының алдын алу алгоритмі бекітілді. Осы ретте, сайлау процесі мен сайлау комиссиясының барлық қатысушыларына бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау қажет.
Сайлау комиссиясының мүшелері сайлау учаскесіне вакцинация паспорты болған жағдайда ғана жіберіледі.  Сайлау учаскесінде дене қызуы жоғары және КВИ өзге де симптомдары бар, үйде оқшаулау режимінің шарттары қолданылатын комиссия мүшелерінің және сайлау процесіне басқа да қатысушылардың болуына жол берілмейді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button