ҚоғамСемейТОП

Семей өңірінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде

Семей өңірінде төрт ауылдық округтің сайлаушылары өз таңдауларын жасауда, деп хабарлайды Semey News.

25 шілдеде таңғы сағат 07:00-ден бастап сайлау учаскелері қызу жұмыс істеуде.

– Мына сайлаудың өтуі өте дұрыс. Бұрын таңдауға мүмкіндік болмайтын. Ал, бүгінде халық өзі қалаған әкімге дауыс беріп, таңдауын жасап жатыр. Осы уақытқа дейін бұрынғы әкім біршама жұмыстар жасады. Жаңа әкім ауылдың ішкі инфрақұрылымын жөнге келтірсе деген тілегіміз бар. Ескі үйлерден қалған құрылысты ретке келтіріп, көшелер жөнделсе жақсы болар еді. Сайлаудан кейін жаңа әкім өз қызметін жақсы атқарып, халықтың игіліне жұмыс атқаратынына сенім мол. Халық алғашқы рет сайлап жатқандықтан қос тараптан да жауапкершілік болады деп ойлаймын,-дейді Бөкенші ауылының тұрғыны Орынбасар Жұмабекұлы.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 14 шілдеде басталып, 24 шілдеде аяқталды. Эпидемиялогиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық талаптар қатаң сақталуды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button