ӘлемҚазақстанСпортТОП

Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиадада алғашқы айналымда жеңіске жетті

Токиодағы Олимпиада ойныдарында 60 келі салмақта бақ сынап жатқан дзюдошы Елдос Сметов алғашқы айналымда түркиялық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2010 жылғы жастар арасындағы, 2015 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионаты мен біріншілігінің жеңімпазы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Токиодағы алғашқы белдесуін сәтті аяқтады.

Ол түркиялық қарсыласы Михрач Аккушты айқын басымдықпен жеңді. Енді Елдос ширек финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинмен кездеседі.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button