ОқиғаСемейТОП

Семейде жол-көлік оқиғасы салдарынан алты көлік зақымданды

Семейде алты көлік жол-көлік оқиғасына тап болды, деп хабарлайды Semey News.

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 шілдеде 48 жастағы “TOYOTA” көлігінің жүргізушісі жылдамдықты арттырып, Тұрлыханов көшесі жақтан айналма жолға шығатын жолдағы көліктерге соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 көлікке зақым келді. Материалдық шығын келтірілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button