Covid-19ҚоғамСемейТОП
Семейде инфекция ауруханасы ашылды
Семейде «Аймақтық фтизиопульмонология және оңалту орталығы» базасында 300 жатын орынға арналған инфекциялық аурухана ашылды. Бұл жерде короновирус инфекциясы және полисегментті өкпе қабынуымен ауырған науқастар ем қабылдайды, деп хабарлайды Semey News.
- Аурухана 300 төсекке арналған, бұл жерде 20 жансақтау палатасы бар. Алғашқы науқастарды бүгін кешкісін күтіп отырмыз. Бригада толықтай жасақталған. Барлық қызметкерлер вакцинациадан өткен. Қажетті дәрі-дәрмектер, оның ішінде КВИ-ді емдеуде пайдаланылатын ең маңызды антикоагулянттар бар. Сонымен қатар иммунды плазмаларда және барлық жеке қорғаныс жабдықтары да бар, – деді мекеме басшысы Ерлан Шакенов.
Аурухана барлық қажетті қондырғылармен жабдықталған, жатып қалған науқастарға рентген жасайтын жылжымалы рентген-аппараты да бар. Бұл жерде сонымен қатар 20 жасанды өкпе желдеткіші және 15 наинвазивті өкпені желдету аппараты бар. Өткен жылы диспансерде оттегін өндіретін мини – зауыт орнатылған. Бұл оттегі концентраты минутына 250 литр оттегін өндіреді.
- Диспансердің әр қабатында 30 оттегі концентраты бар. Жалпы диспансер бойынша олардың саны – 200. Бұл жерде бұрын туберкулез стационары және жеке тұрған ғимаратта пульмонологиялық бөлімшесі болған. Бүгінгі таңда ғимарат толықтай тазартылды, кварцтелді және дезинфекциялық тазалаудан өтті. Инфекциялық аурухана үшін біздің ғимарат бекер таңдап алынған жоқ, себебі өкпе қабынулары бойынша біздің тәжірибеміз мол. Бізде сонымен қатар, инфекциялық бақылауға сәйкес, әр қабатта науқастар үшін маңызды, қажетті желдеткіштер бар, – деп қорытындылады Ерлан Шәкенов.
Сонымен қатар Семейде, барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған инцекция орталығын салу жоспарлануда. ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша ЖСҚ әзірленуде. Орталық құрлысына қажетті қаражатты келесі жылы бөлу жоспарлануда.
Semey News