ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғыны есірткі құралдарын заңсыз сақтаған

Есірткі құралдарын заңсыз сақтаған Бородулиха тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

7 шілдеде Бородулиха АПБ криминалдық полиция бөліміне осы ауылдың 42 жастағы жергілікті тұрғыны жеке қолдануға арналған есірткі құралдарын сақтайтындығы туралы жедел ақпарат келіп түскен.
Жүргізілген жедел іс-шара барасында тұрғын үйді және оған іргелес қора-қопсыларын тінту жүргізілді, нәтижесінде ер адамнан есірткі заты бар медициналық шприц табылып, тәркіленді.
Маманның қорытындысына сәйкес, тінту кезінде тәркіленген медициналық шприцтегі сұйықтық – “экстракционды апиын” есірткі ерітіндісі. Айта кетсек, 2.5 мл сұйықтықтағы “экстракциялық апиынның” құрғақ қалдығының салмағы – 0,0275 гр.
– Жалпы, жыл басынан бері есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл қызметкерлері шамамен 14 грамм “апиын” есірткі затын тәркіледі, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button