Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзудың 11 фактісі анықталды

Шығыс Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жөніндегі мониторингтік топ жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Semey News.

         22 шілдеде Өскемен қаласында мониторингтік іс-шарамен 14 нысан қамтылды, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен белгіленген карантиндік шараларды бұзудың 10 фактісі анықталды.
         Семейде өткен тәулікте 103 нысанға тексеру жүргізілді. Мониторингтік топ нысандардың бірінде іс-шара өткізіліп жатқанын анықтады. Жалпы рейд барысында жалпы сомасы 131 265 теңгені құрайтын 4 хаттама толтырылды, жалпы сомасы 335 455 теңгені құрайтын айыппұл өндірілді.
         Алтай ауданы бойынша мониторингтік топтар туристік базалардағы жұмыстарын жандандырып, барлық демалушыларға санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау туралы жаднамалар таратты. Бұқтырма жағажайында орналасқан барлық туристік базаларға тексеру жүргізілді. Сондай-ақ мониторингтік топ 139 кәсіпкерлік нысанды аралады, бұзушылықтар анықталған жоқ.
         Шемонаиха ауданында 75 нысан, Глубокое ауданында 62, Бесқарағай ауданы бойынша 20 нысанға тексеру жүргізілді. Сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша рейдтер Абай, Аягөз, Үржар аудандарында және Курчатов қаласында жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News

Осы айдарда

Back to top button