Covid-19ҚоғамСемейТОП

Семейде 150 мыңға жуық адам вакцина алды

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда 30 мыңнан астам ПТР-дің оң нәтижелері анықталды, деп хабарлайды Semey News.

Жалпы, облыс бойынша КВИ–дің 107 жағдайы тіркелсе,  оның 40 жағдайы Семейде  анықталды. Стационарларда 224 адам ем қабылдап жатыр. Ал, оның  ішінде 20 адам ауыр халде жансақтауда бақылауда.

Бүгінгі таңда Семейде 149 мыңнан астам адам КВИ-ға қарсы вакцина алды.

– Коронавирусты жеңудің жалғыз жолы – вакцинация. Біздің қаламызда 50-ден астам вакцинация орындары жұмыс істейді. Сондай-ақ, вакцинациялаудың 7 жылжымалы пункті қызмет етуде. Бізде “Спутник V” вакцинасы бар. Вакцинаның бірінші және екінші компоненті арасындағы ұзақтық – 21 күнді құрайды.  Вакцина вирустан 92% қорғайды, – дейді Семей аймағы бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы.

Атап өтейік, күн сайын бүкіл республика бойынша коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 5 мыңнан астам жағдайы анықталады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button