ШҚОҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да автокөліктерді тонаған жасөспірім ұсталды

Өскемен қаласында автокөліктерді тонаған 16 жасар жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі мәлім еткендей, 16 жасар ұрыны Солжағалау полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап, ұстаған.

Жасөспірім үш көліктің салонын тонады деп күдіктелуде.

«Бір жағдайда ұрының жолы болды, сол жолы автокөлік иесі көлік салонына 135 мың теңге қаражаты салынған әмианын қалдырып кеткен. Әрине, қаскүнем мұны пайдаланып, ақшаны жымқырды», – деп түсіндірді Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметінде.

Белгілі болғандай, 16 жасар ұры бейнебақылау камераларының көмегімен анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Кінәсі дәлелденген жағдайда жасөспірім және де оның ата-анасы жауапкершілікке тартылады. Ата-анасына міндеттерін тиісінше орындамау айыпы тағылады, себебі  жасөспірім ұрлықты үйде болуы керек уақытта жасаған.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button