Сұйық немесе қатты отынмен жылытылатын білім беру мекемелеріне келетін болсақ, олар 70 пайызға қамтамасыз етілген. 1 қыркүйекке қарай бұл көрсеткіш 100% жетеді.
Аппараттық кеңес барысында өңір басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, биыл 19 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды. Шығыс Қазақстанның жүз мектебінде жаңа кабинеттер жабдықталып, асханалар жаңғыртылды. Барлық балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін мектеп формасы тегін беріледі.
Біздің балаларымыздың қауіпсіздігі үшін барлық білім беру мекемелерінде бейнебақылау жүйелері мен дабыл түймелері орнатылады. Күзет жұмыс істейді. Сондай-ақ, биылғы жылы барлық оқушылар қажетті оқулықтармен қамтамасыз етілетінін атап өткен жөн. Ол үшін баспалармен келісімшарттар жасалды. 25 тамызға қарай оқулықтар өңірге келіп түседі.
Қосымша сабақтарға келетін болсақ, облыста жүзден астам үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Бірақ, облыс әкімінің айтуынша, бұл жеткіліксіз. Барлық балалар спортпен шұғылдануы керек. Өңірде қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға, кәсіби жаттықтырушыларды тартуға дайынбыз.
Semey News