Облыс әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, Шығыс Қазақстанда 3 – 6 жасқа дейінгі балалардың балабақшаларға кезегі толығымен жойылған. Бірақ кішкентай баласы бар, толық емес күнге жұмысқа шыққысы келетін аналар мәселесі әлі шешілмеген күйінде қалып отыр.
Аппараттық кеңес барысында өңір басшысы қала және аудан әкімдеріне 10 күн ішінде жобаны әзірлеп, осы типтегі балабақшаларға қажеттілікті есептеуді тапсырды. Қазірдің өзінде мұндай қажеттілік Өскеменде, Семейде (екі қалада 0-3 жастан асқан 7 мыңнан астам бала бөбекжай топтарына кезекте тұр), Курчатовта және кейбір аудандарда бар екені белгілі. Келесі жылы мектепке дейінгі мекемелердің құрылысын бастау немесе қолданыстағы балабақшаларда тиісті топтар ашу қажет. Мұны мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жасау қажет болуы мүмкін.
Semey News