ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуі бойынша, ағымдағы жылдың 27 маусымында түнгі уақытта Риддер қалалық патрульдік полиция взводының қызметкерлері Л.Толстой көшесі бойында қызмет өткеру кезінде жасырынуға тырысқан сұр түсті “ВАЗ” маркалы автокөлігін байқаған.
– Тәртіп сақшылары тез арада қуғындауды жүзеге асырып, жеңіл көлікті тоқтатты. Автокөлік ішінде Риддер қаласының 25 және 27 жастағы тұрғындары болған. Көлік құралын тексеру барысында жүксалғыштан қаладағы ЖШС-нің біріне тиесілі ұзындығы 35 метрге жуық “ВВГ-4*16” қуат кабелі анықталды. Жауап алу барысында күдікті адамдар бұл әрекетін мойындады. Келтірілген шығын сомасы 107 000 теңгені құрады, – деді баспасөз қызметінде.
Белгілі болғандай, қылмыскерлер орман өрті болған ауданда электр желілері жөнделіп жатқанын және токтың кернеусіз тұрған электр беру кабельдері тартылып жатқанын біліп, бөтеннің мүлкін заңсыз иемдеу қадамына барған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Semey News