ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда 3 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды

19 - 23 шілде аралығында облыс аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-прафилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Semey News.

Басты мақсаттардың бірі – құқықбұзушылықты алдын алу, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және қоғамдық тәртіпті сақтау.

Жедел іс-шараның алғашқы екі күнінде 65 қылмыс ашылды, 12 бірліктегі заңсыз сақталған қару тәркіленді, олардың 3 иір ойықты, ал 9 тегіс ұңғылы, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Сонымен қатар операция барысында 3 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды:

  • ұсақ бұзақылық – 364;
  • қоғамдық орындарда алкогольді өнімдерді пайдаланған немесе мас күйінде жүрулер – 634;
  • кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақыттарда жүрулері – 147;
  • масаң күйде көлік құралдарын жүргізу – 28.

Көші-қон қызметімен 62 құқықбұзушылық анықталды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button