– Терезеден шыққан түтінді көрген көршілері өрт сөндіру қызметін шақырған. Есікті қағып, қоңырау шалуға ешкім жауап бермеген соң өрт сөндірушілер түтін шыққан төртінші қабаттағы пәтерге баспалдақ көмегімен кірді. Пәтер ішінде еденде жатқан қарт әйелді көріп, оны дереу далаға шығарып, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды. Тексеруден кейін қар әжей ауруханаға жатқызылды, – деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметінде.
Белгілі болғандай, қарт әйелдің қызы пеште тамақ қалдырып кеткен. Пеш бірнеше сағат бойы қосулы тұрған, нәтижесінде түтін басқан.
Төтенше жағдайлар қызметі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Semey News