ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 27 маусымында Бородулиха аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесіне Жезкент кентінің 36 жастағы жергілікті тұрғыны өз үйінде жеке қолдануға арналған есірткі заттарын сақтайтыны туралы жедел ақпарат түскен.
Жедел-тергеу іс-шаралары мен тінту нәтижесінде ер адамның пәтерінен зат табылып, куәгерлердің қатысуымен тәркіленіп, мөр басылып, сараптамаға жіберілді.
– Зерттеу нәтижелері тәркіленген заттың жалпы салмағы 4,19 грамм болатын “кептірілген Марихуана” есірткі екенін көрсетті, -деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Semey News