ШҚООқиғаТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда жан түршігерлік жол көлік оқиғасы болды

Жол-көлік оқиғасынан төрт адам көз жұмды, олардың арасында бала бар, деп хабарлайды Semey News.

18 шілдеде сағат 15:10 шамасында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы «Мақаншы-Жалаңашкөл» автожолының 128/22-м шақырымында «Geely», «Kia Sportage» және «Лада 21154-30» маркалы көліктердің қатысуымен жан түршігерлік жол көлік оқиғасы болды.

Жол-көлік оқиғасында алынған дене жарақаттарынан «Geely» автокөлігі жүргізушісінің 48 жастағы жұбайы және 13 жасар ұлы, сонымен қатар «Лада 21154-30» маркалы көлік жүргізушісінің 47 жастағы жұбайы және 18 жастағы қызы оқиға орнында көз жұмды. Екі жүргізушіде және «Geely» көлігінде болған жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Үржар ауданының Мақаншы ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Мән-жай анықталуда.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button