Ағымдағы жылы ауыз сумен қамтамасыз етуге 93,4 млн теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа ағымдағы жылдың тамыз айында бес блокты-модульді станция орнатылады.
– Нәтижесінде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету 97,9% құрайды. 2023 жылы аудандағы елді мекендердің барлығы толығымен ауыз сумен қамтамасыз етіледі, – деді аудан әкімі Серік Зайнулдин.
Сондай-ақ, Зайсан ауданының инфрақұрылымын дамытудағы кешенді жоспардың маңызды бөлігі жалпы сомасы 2,7 млрд.теңгеге 20 жобаны іске асыру болып табылады. Олардың ішінде-811,1 млн теңге сомасына “Ауыл-ел бесігі” жобасын іске асыру, оның шеңберінде үш ауылдың көшелеріне орташа жөндеу жүргізілуде. Айнабұлақ ауылында 150 орындық мәдениет үйін салу және жарықтандыруды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Semey News