ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО: Алакөлде демалушыларға көмек көрсетті

Алакөл көлінде құтқарушылар алты адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, көл жағасынан 400 метр қашықтықта құтқарушылар катамаранда демалып, көмекке шақырған адамдарды байқаған. Онда 6 адам болды, оның ішінде 4 бала.

Катамаран сынып қалып, кішігірім толқындар көтеріліп, қорыққан адамдар көмекке шақырған. Құтқарушылар тез арада келіп, адамдарды өз қайықтарына ауыстырып, катамаранды жағаға сүйреп апарды. Демалушылардың барлығы көкірекше киген.

Төтенше жағдайлар қызметі суға шомылуда, суда серуендеуде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Төтенше жағдай туындаған кезде “112”нөміріне қоңырау шалыңыз.

Semey News

 

Осы айдарда

Back to top button