
Естеріңізге сала кетейік, 14 жастағы Кристина Минеева 10 шілде күні Михаэлис көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Кәмелетке толмаған қызды іздеуге полицейлер мен еріктілер тартылды.
– Қазіргі уақытта қыз байланысқа шықты. Ол достарымен бірге екенін,жақында үйге оралуы мүмкін екенін айтты, – деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі әлеуметтік желіде.
Бірақ, Кристинаның туыстары мен еріктілер бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
– Бастапқы күндері қыз байланысқа шыққаны рас. Бірақ қазір қайтадан телефоны өшірулі тұр. Сондықтан да біз іздеу жұмыстарын тоқтатпаймыз, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Semey News