ОқиғаСемейТОП

Семейде жүк көлігімен жеңіл автокөлік соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы ағымдағы жылдың 12 шілдесінде сағат 18:00 шамасында болды, деп хабарлайды Semey News.

« «Фольксваген пассат» автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі автомашина салонында болған жолаушымен бірге Қабанбай батыр көшесі жағынан Қаржаубайұлы көшесі бойымен, Қаржаубайұлы-Қабылбаев көшелерінің қиылысында маневрдің қауіпсіздігіне толық  көз жеткізбей, бұрылу кезінде-Қаржаубайұлы көшесі мен Кабанбай батыр көшесі бағытында келе жатқан “Газ – 53” маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол берген.

Жол апаты салдарынан 48 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 – бабы 3-бөлігі бойынша-көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша негізгі процесуалдық шешім қабылданатын болады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button