ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде «граната» табылды

Семей қаласында Силин көшесі бойында орналасқан гараждар арасында «гранатаға» ұқсас металл зат табылды, деп хабарлайды Semey News.

  • Кеше қаланың Затон аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны жүгініп, Силин көшесі бойында орналасқан гараж маңында сырт пішіні гранатаға ұқсас металл зат табылғаны туралы хабарлады. Полиция қызметкерлері шұғыл түрде табылған жерге барып, затты тәркіледі және тиісті сараптамаға жолдады. Аталған факті бойынша соталды тергеу жүргізілуде, мән-жайы анықталуда, – деді Семей қалалық полиция басқармасының бастығы Ш.Құнанбаев.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button