
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 35 жастағы «ВАЗ-21900» маркалы автокөлігінің жүргізушісі екі жолаушымен бірге Шәкірім даңғылы жағынан «ескі көпірден» өтіп бара жатып көлік басқаруына ие бола алмай бетон қоршауға соғылып, аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан, өмірге үйлеспейтін дене жарақаттарынан 35 жасар жолаушы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Semey News