
Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметтер бойынша, 8 шілдеде 17 сағат 02 минутта өрт сөндіру бөліміне Некрасов көшесі бойында жер үй өртенгені туралы хабарлама түсті. Оқиға орна келген өрт сөндірушілер 15 шаршы метр алаңдағы тілсіз жауды өшірді. Үйдің ағаш құрылыстары, сондай-ақ үй жиһаздары, жеке заттары өртенген.
Барлау жұмыстары барысында жатын бөлмеден 1976 жылғы ер азамат шығарылды, дәрігерлер қарады, медициналық көмек қажет болмады. Сонымен қатар, өртенген үйден 27 литрлік 1 газ баллон шығарылды.
Екінші өрт Икенов көшесінде болды. Хабарлама 21 сағат 47 минутта түсті. Жер үйдің және оның жанама құрылысының ағаш бөліктері өртенген. Өрттің жалпы алаңы 40 шаршы метр. Бұл жерден 27 литрлік 2 газ баллон шығарылды.
Екі жағдайда да өрт шығуының себебі: отқа ұқыпсыз қарау.
Semey News