ШҚОҚылмысТОПШҚО

Шығыс Қазақстан облысында вандал – ұры ұсталды

2021 жылы маусым айының басында Глубокое ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ұзақ уақыт бойы Глубокое және Ұлан аудандарында зираттардағы жерлеу орындарынан шойын және металл қоршауларды бірнеше рет ұрлаған Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, аталған азамат бұрын қабір қазушы болып жұмыс істеген, сондықтан зираттарды жақсы білген, сондай-ақ жаңа жерлеулер жайлы, зират басына қоршаулардың орнатылатыны туралы да біліп отырған. Ол ұрлықты негізінен таңертеңгі уақытта, бейітте ешкім болмаған кезде жасаған. Ұрланған қоршауларды металл қабылдау пункттеріне тапсырып, түскен қаражатты өз қажеттілігіне жаратқан.

Қазіргі уақытта оған 20-дан астам ұрлық эпизодын жасаған деген айып тағылуда. Соттың санкциясымен аталған азамат қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше рет жасалған бұл қылмыс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған,-деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Өз кезегінде жәбірленушілер полицейлерге қылмысты ашып, қаскүнемді ұстағандары үшін алғыстарын білдірді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button