ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО-да жол апатынан үш адам жарақат алды

Жол-көлік оқиғасы 1 шілдеде Өскемен-Рахман бұлақтары бағытының 55 шақырымында болды. 49 жасар "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісі қауіпті бұрылыста көлікті басқара алмай көлік кюветке ұшып кеткен, деп хабарлайды Semey News.

Жол апаты салдарынан түрлі жарақатпен үш адам Өскемен ауруханасына жеткізілді.

“Айыптыға қатысты ҚР ӘКҚ 620-бабы, жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бап бойынша ескерту жасау немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу қарастырылған”, – деді полиция департаментінде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button