ҚоғамТОПШҚО

“Ғажайыптар елі” қоғамы құтқарушыларда қонақта болды

Кеше Шығыс Қазақстандық құтқарушыларға ерекше қонақтар – «Ғажайыптар елі» қоғамынан психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар келді, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің таратқан мәліметтері бойынша, қызметкерлер балаларға өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы туралы айтып берді. Кездесу мамандық туралы фильм көрсетуден басталды.

Содан кейін қонақтар мамандыққа тереңірек бойлау үшін, оларға өрт сөндіру машинасының қалай жұмыс істейтіндігі көрсетіліп, өрт қауіпсіздігі ережелері естеріне салынды. Бірақ, ең қызықтысы алда болды-әркім өзін өрт сөндіруші рөлінде сынап көріп, шартты өртті сөндірді.

Қайықпен жүзіп жүрген кезде, оларға судағы қауіпсіздік ережелері айтылды. Құтқару кеудешелерін киіп алып, өзенде қайықпен  қыдырғаннан кейін, бақытты балалар су айдынында қалай өзін-өзі ұстау керектігі туралы тұс-тұстан өздері бөлісті.

Олар құтқарушы ит Ремнен ұмытылмас әсер алды. Рем барлық өзінің шеберлігі мен мойынсұнушылығын көрсетіп, сүйсінген қонақтарға өзін  сипауға мүмкіндік берді.

Кездесу соңында құтқарушылар әрбір қонаққа жадынама таратты. Жадынамалар қажетті қауіпсіздік ережелерін еске салады.

«Біз осы қоғаммен көптен бері бірге қызмет етіп келеміз және жыл сайын осындай кездесулер өткіземіз. Еркін түрде біздің қонақтарымыз төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстаудың қажетті ережелерін біліп, естеріне алды, сондай-ақ мамандық туралы көп білді. Біз олардың жүздерінен қуаныш, бақыт және алғыс көрдік және бұл  осы іс – шараға қатысқандардың барлығына әсер етті» – деп Сергей Мартьянов – ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы бөлімшесінің басшысы.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button