ҚазақстанҚоғамТОП

Қазақстанда жаңа кодекс күшіне енді

Қазақстанда жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді.

Кодекс мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың парадигмасын түбегейлі өзгертеді. Азаматтардың құқығы мен бизнесті қорғаудың жаңа механизмдері енгізіледі”, – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.

Оның айтуынша, әкімшілік органдардың үстінен жазылатын талап-арыздар енді “әкімшілік органдардың кінәлі-кінәлі еместігін айқындау” қағидаты негізінде қарастырылады. Бұл ретте арыз беруші емес, әкімшілік орган өз шешімі дұрыстығын сот алдында дәлелдеуі тиіс.

“Сырғытпа жауаптар мен әуре-сарсаңға салу әрекеттері үшін әкімшілік органдар ғана емес, шешім қабылдаған тұлғалар да жауап береді.

Бұл құжат “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралына айналады”, – деді Берік Уәли.

Айта кетейік, Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекске Мемлекет басшысы 2020 жылғы 29 маусымда қол қойған болатын.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button